02 там, 2019 сағат 12:00

Әйелін ұрып-соқты деген күдікпен ұсталған Бауыржан Ашығалиев 2 айға қамалды

Алматыда тергеу соты әйелін ұрып соқты деген күдікпен ұсталған Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық тергеу соты күдікті Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамау алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Оған кепілмен босап шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен, 126-бабы 2 бөлімінің 1-тармағымен көзделген қылмыстарды жасады деп айып тағылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Мұның алдында Jacpot тобының әншісі Ксения Ашығалиева өзінің күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын айтып Фейсбуктегі #НеМолчиKZ тобына шағымданған еді. Қылмыстық істі тексеру процесін полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Ксения Ашығалиева «Jackpot» тобының әншісі болса, оның күйеуі Бауыржан Ашығалиев - осы топта гитарашы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев тергеу шаралары туралы айтты.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы (қорлық көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігімен (бас бостандығынан заңсыз айыру) қосымша іс қозғады»,- деді Серік Күдебаев.