30 шіл, 2019 сағат 21:52

Әйелін соққыға жыққан Бауыржан Ашығалиев қамауға алынды

Алматы полициясы әйелін соққыға жыққан гитарашы Бауыржан Ашығалиевті уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы полиция департаменті Б.Ашығалиевті ҚР ҚК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамады.

Таяу арада оның ісі сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде ол қамауда болады.

Еске салайық, Б.Ашығалиевтің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Jackpot» тобының әншісі Ксения Ашығалиева мен оның күйеуі, гитарист Бауыржан Ашығалиевтің арасындағы отбасылық дау-жанжал көпшіліктің назарына іліккен еді. Әнші өзінің басынан өткен жайтты әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, күйеуі оны жертөлеге апарып ұрып-соққан.