13 қар, 2019 сағат 06:39

Әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген елорда тұрғыны сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кылмыстық қудалау органы Н. есімді азаматқа қасақана кісі өлтірді деген айып таққан. Іс материалынан анықталғаны, Н. қызғаныш салдарынан мас күйінде әйеліне пышақ салып, нәтижесінде ол көз жұмады. Сот Н.-ны адам өлтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.) кінәлі деп танып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.

Үкімге апеляциялық шағым беріліп, өзгеріссіз қалдырылды.