#
#
Дүйсенбі 23/07/2018

Әйелді ұру "қайырлы" іс пе?

  • 06.01.2018
  • 0
  • 1687

Осы "ұру" мәселесі ортаға шыққалы әйелдер қауымында алаңдаушылық пайда бола бастады. Діндәрлар болса ұруды жоққа шығара алмай әлек. Білген жөн. Бүгінгі европаға тән деп отырған әйелдер теңдігін ислам діні алып келді.

Исламның әйел мәртебесін асқақтатқаны сонша, жәннатты ана аяғының астына түсірді. Ал исламға дейін арабтар қыздарын тірідей көрге тықса, біз ардақ тұтатын европа билігі әйелдерді қаншама жылдар бойы тауар ретінде саудаға шығарды. 8 наурызды ардақ тұтатын КСРО-ның өзі әйелдерді ауыр жұмысқа жекті.

Ал ұруға келсек, бірде төсек тартып жатқан Әйүп пайғамбар әйеліне қатты ренжіп: "Осыдан сауығып шықсам жүз дүре соғамын" деп, өзіне ашумен серт беріп қалады. Кейін ашуы қайтқан соң уәдесінен қалай шығудың есебін таппай қипақтағанда Алла тарапынан: "Бір буда шимен бір салып қалсаң, уәдеңнен шығасың" деген уаxи келеді. Бір буда шидің әйел жанына бата қоймайтыны белгілі. Бұдан ұрудың әлеуметтік емес, шариғи мәселе екендігі мәлім болады. Ал шариғат діннің қорғаны. Сонда "ұру" әйелге жасалар қайыр екендігі айқындалады. Мәселен ота жасау жанға батқанымен түбі қайырлы ғой. Бұл мәселені де солай түсінген жөн. Болмаса әйелін сабап ешкім де ұшпаққа шыға алмайды.

Бәрінен бұрын оны дініміз де, пайғамбарымыз да қош көрмейді. Сондықтан әкесін сабаған, жай сабап қана қоймай, арбаға байлап қойып сабаған әумесердің өзі әйеліне келгенде: "Тон ки, тон ки" деген екен. Демек тон сыртынан "ұрып" еркектік мінез танытып шайпау әйелін жөнге салған қай жан да шариғи амалды орындаған болып табылады.

Жалпы біздің ата-бабаларымыз "дінді қиындатпаңдар" дейтін уағызды әдемі ұстана білген. Соған орай тонға оранып "таяқ жеген" шайпау мінезді әйелдер де бұл шариғи амалдан кейін өздерін құрсаған жын-шайтаннан арылып, жібектей есіліп шыға келген. Байыбына барсақ, "ұру" астарында осындай мән жатыр.

Құдияр Біләлдің фейсбуктағы жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар