31 шіл, 2019 сағат 11:26

Әйелдерге арналған жеке вагон болмайды – ҚТЖ

Қазақстан аумағында әйелдерге арналған жеке вагондар іске қосылмайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бірден айту керек, әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды. Келешекте купелер болуы мүмкін. Ал жеке вагон іске қосу - өте қымбат болатын шығар. Талай жылдар өткеннен кейін болмаса, дәл бүгін ондай жоспар жоқ», - деді ол.

ҚТЖ өкілдері бұл жерде халық вагон құнының өте қымбат екенін түсіну керектігін атады.

Баспасөз мәслихаты барысында бір вагонның бағасы 1 млн АҚШ долларына пара-пар екені де айтылды.