13 қыр, 2019 сағат 08:25

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы: Қазақстандық клуб «Андерлехтпен» тең түсті

Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы Бельгияның «Андерлехт» клубымен әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалының алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Алғашқы минуттардан-ақ бельгиялық футболшылар ойынның тізгінін ұстады, алайда қазақстандықтар қорғаныста қалған жоқ. Командалар шабуылдармен алмасып, бірінші тайм голсыз аяқталды. Екінші таймның басында Алина Литвиненко пенальти соғып, есепті ашты. Осылайша қонақтар алға шықты. Ойынның иелері есепті қайтарып алмақ болып, Бритт Ванхамелдің күшімен оған қол жеткізді. Екіжақты ойын басталып, қорытынды шығарылған жоқ. 1:1 – тең.

Қарымта ойын 25 қыркүйек күні Шымкентте өтеді.

«Андерлехт» (Бельгия, Брюссель) — «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент, Казақстан) 1:1 (0:0)

Голдар: Литвиненко пенальтимен 53 (0:1), Ванхамел 71 (1:1)