08 қыр, 2016 сағат 07:26

Айдос Сарым. Жазушылық - дін емес, Мағауин - Қағба емес

Осы біздің қазаққа қайран қаламын!

Рақымжан Отарбаев Мұқтар Мағауин туралы пікір айтыпты деп бұрқан-талқан болып жатыр.

Ал, жарайды, айтқан шығар. Қақысы бар. Ол да жазушы, ойы бар, пікірі бар. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Мағауин де солай. Өз араларындағы қарым-қатынас, бəсекелестік шығар. 

Алайда осы үшін қалған халықтың қылғынатындай жөні бар ма? Ауызы бар, айтады да. Қажеті болса Мұқаң өз жауабын берер. Бала емес, кемтар емес. Қарымды қаламгер, тірі классик жазушы.

Жазушылық - дін емес. Мағауин - Қағба емес. Жазушылық, шығармашылық үшін бұл үрдіс тіпті пайдалы керек десеңіздер. Бүгінгі əдебиетіміздің тұралап қалуы айналып келгенде сынның жоқтығынан. Əдеби ортадағы бəсекелестіктің жоқтығынан. Маған десе біріккен Одақтың да қажеті жоқ. Қырық одақ, жүз ұйым болсын. Бір-бірін түтіп жесін, аямай сынасын, сынағанда шаңы көкке шықсын! Бұл бүгінгі боқ сасыған болотодан жақсы. 

Мағауин Отарбаевқа емес, қоғамға жауап беруі керек. Жаңа романымен, жаңа дүниесімен, жаңа жазбаларымен.

Айдос Сарымның фейсбуктегі жазбасынан