10 мам, 2017 сағат 10:42

Айдос Сарым Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос Әміроллаұлы Сарымды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айдос Әміроллаұлы Сарым 1975 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласынадағы №12 мектепті бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне түсіп, оны 1996 жылы тәмамдаған. Саясаттанушы, Алтынбек Сәрсенбаев қорының директоры.