21 қыр, 2016 сағат 07:10

Айдос Сарым. Осы елдің иесі мен киесі қазақ дегенді өзгеге аян ете алмай келеміз

Мыңжылдық туралы.

Жалпы, менің ойымша, Алматының мыңжылдығына қарсы пікір айтып жүргендердің басым көпшілігі Верныйға дейін ол жерде қаланың болғанын білмейді емес, біледі, түсінбейді емес, түсінеді.

Сол баяғы жалған көкірек жібермейді. Сол көкірек қалыптастырған сана мойындағысы келмейді.
Мысалы, бұлар бізсіз, біздің өркениетсіз адам болмаған, бола алмайды да деген түсінік бар. Оған біздер де "номад болғанбыз", басқа болғанбыз деп үлес қосамыз. Жаман арап та көшпелі халық қатарында бар. Алайда Мекке мен Мəдина араптікі емес деп кім айта алады. Қаласы қашаннан тұр, мемлекеттігіне қашан қол жеткізді дегендей...

Тағы бір үлкен мəселе өзімізге қатысты. Жиырма бес жыл ішінде осы жер, осы мəдениет, осы қалалар қазақтікі дегенді басқа түгілі, өзімізге дəлелдей алмай келеміз. Өз жерімізде өзіміз қонақ сияқтымыз. Осы елдің иесі мен киесі қазақ дегенді өзгеге аян ете алмай келеміз. Ол үшін сөзсіз мықты мəдени өнім керек, мықты ақпараттық саясат керек. Өзімізден де бар.

Айдос Сарымның фэйсбуктегі жазбасынан