01 нау, 2017 сағат 19:10

Айдос Сарым. Басты мəселе - ұлттың ұйысуы, жердің тұтастығы

26-шы бапқа қатысты мынаны айту керек шығар.

Осы бір айдың ішінде біраз ашық та, жабық та, ресми де, бейресми де айтыс пен тартыс болды. 

Бір қуантқаны: қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу. Азаматтық қоғамымыз оянып келе жатыр. Немкеттілік пен немқұрайдылықтан арылып келеміз. Жалпы алғанда, президент əкімшілігіне түскен ұсыныстардың дүйім көпшілігі аталмыш бапқа қатысты болды деп ойлаймын. Бұл да бір жеңіс.

Екіншіден, билік те жер митингілерінен сабақ алып, тиісті нəтиже шығарған сияқты. Қазақ қоғамының, зиялы қауымның алаңдауы мен наразылығын ескере білді. Бұл мəселеде əлеуметтік желілердің беделі мен күші айқын танылды десем əбестік болмас.

Басты мəселе біреу - ел егемендігі, қазақ мемлекетінің тəуелсіздігі, ұлттың ұйысуы, жердің тұтастығы. Бұдан асқан, бұдан биік мұрат жоқ! Ортақ жеңіс деп есептелік. Ұтылған жақ жоқ дейік. Барлығын да даурықпай шешуге болады. Жау іздеудің қажеті жоқ деп санаймын. Қалғанын шеше жатармыз. Қалғанына тарих төре, уақыт таразы.

Айдос Сарымның фэйсбуктағы жазбасынан