09 қыр, 2017 сағат 16:25

Айдос Ербосынұлы аргентиналық боксшыны нокаутпен жеңді (видео)

Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой Айдос Ербосынұлы аргентиналық Джонатан Барбадилоны нокаутпен жеңді.

25 жастағы жерлесіміз жекпе-жекті екі минуттан асырмады. Қазақ боксшысының ауыр соққыларынан есеңіреген Джонатан Барбадило кездесуді жалғастыра алмады. 

Осылайша, Айдос Ербосынұлы  кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Екінші кездесуде Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны ұпай санымен жеңді.