08 сәу, 2020 сағат 06:47

Аяз, жауын-шашын, күшті жел: Түркістан облысы мен Шымкентте күн күрт суытады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8-9 сәуір күндері түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, 8 сәуірде түнде екпіні 25 м/с жетеді. 

9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте плюс 3 градусқа дейін күрт төмендейді. 

9-10 сәуірде Түркістан қаласында түнгі ауа температурасы минус 0-2 градусқа дейін суытады. 

8-9 сәуірде Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 9-10 сәуір түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді.