19 қаң, 2018 сағат 09:41

Автобус апатынан қаза болған 29 адамның есімі жарияланды

Автобус апатынан қаза болған 29 адамның есімі жарияланды, - деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

Төтенше жағдайдан қаза болғандардың ТІЗІМІ Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланып отыр.

Алдын ала жасалған тізімде 29 адам бар. Қаза болғандардың барлығы - ер адамдар, Наманған облысының тумалары. Қаза болғандардың үлкені - 41 жаста, ал кішісі - 19 жаста.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.