#
#
Жексенбі 08/12/2019

Ауызсу мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ

  • 15.11.2019
  • 0
  • 529

Қазақстанның 2019 жылдағы су, энергия, климат өзгерісі бойынша тұрақты даму көрсеткіштерінің нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы БҰҰ үйінде Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру мәселелері бойынша бірінші аймақтық саммитте айтылды.

Қазақстан Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша жаһандық климаттық өзгерістерге бейім елдер қатарына жатқызылды.

Зерттеу жұмыстарына сәйкес, Қазақстан 20 млрд текше метр су жұмсайтыны анықталды. Оның 14 млрд текше метрі (68%) ауылшаруашылығы өнімдерін суаруға бағытталады. 2 млрд текше метрі өндіріске жұмсалады. 1 млрд текше метр су коммуналдық мақсатқа пайдаланылады.

Су ресурстарының азаюына байланысты 2030 жылға таман су тапшылығы - 14 млрд текше метрге (70 %), 2050 жылы 20 млрд текше метрге жетеді. Оған климаттық өзгерістерге байланысты су ресурстарының азаюын тағы қосуға болады. Егер, тұтынудың осы схемасы өзгермесе, ауызсу мәселесі – ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі.

Егер сценарий осы қалыптан өзгермесе 2030 жылға таман жылына 7-8 млрд доллар шығын келеді.

БҰҰ бастамасымен құрылған Тұрақты даму мақсаттарында осы бағытта бірнеше міндет межеленген.

Құжатта көрсетілген 12 мақсат, 169 міндет, 300 ұсақ индикаторды кез-келген мемлекет жауапкершілікпен орындауы тиіс.

Тұрақты даму мақсаттары халықаралық деңгейде бекітілген концепцияларда жарияланған. Бұл тұжырымдамалар жер бетіндегі ортақ экологиялық, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған. Екі күнге созылатын саммит осы мәселенің шешу жолдарын қарастырмақ.

Қазақстанның жекелеген даму көрсеткіштерінің талдауына сүйенсек, өткен жылдармен салыстырғанда көп көрсеткіште ілгерілеу бар. Мәселен кедейлік көрсеткіші 1996 жылы 34,6% болса, 2018 жылы 4,7% болған. Адамның даму индексінде Қазақстан әлемнің 189 мемлекетінің ішінде 58-орында тұр. 2019 жылы Қазақстан «Doing Business» рейтингісінің бизнесті жүргізу жеңілдігі көрсеткіші бойынша 190 елдің ішінен 25-орынға табан тіреді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар