16 қар, 2018 сағат 09:11

Ауыр жарақат алған Еркебұлан Сейдахметке Мюнхенде ота жасалды

Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметке Мюнхендегі (Германия) Schön клиникасында жасалған ота сәтті өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы 18 жастағы футболшы Instagram-да жазып, ауруханадағы суретін жариялады. «Бәрі жақсы! Қазір ғана ояндым», - деп жазды ол.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Сейдахметтің жаттығу кезінде қатты жарақат алып, үш ай бойы жаттыға алмайтынын хабарлаған еді.

Биыл Еркебұлан Ұлттар лигасының төрт матчына қатысып, бір рет гол салды және бір рет сәтті доп берді. Ол клубтық деңгейде ресейлік «Уфада» екі рет ойнады.