07 қыр, 2017 сағат 08:23

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына ӘЧ-2017 додасына қатысуға тыйым салынды - Дереккөз

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допингтік ережебұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынды. Бұл туралы insidethegames.biz порталы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан Олимпиада ойындарында көптеген допинг ережебұзушылықтарына байланысты әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылған тоғыз команданың қатарында. Қалған сегіз ел: Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдавия.

Осы аталған құрамаларда Бейжіңдегі және Лондондағы Олимпиада ойындарында допинг-сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде кемі үш атлеттің ағзасында тыйым салынған препараттар табылған. Ресей құрамасында 10 атлеттің допингпен ұсталғаны айтылады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқару комитетіне осы аталған құрамаларға қатысты қандай шара қолдану керектігі жайында ұсыныс түсіретін үш адамнан тұратын комиссия Будапеште кездесіп, қорытынды шығарады. Олардың есебі IWF атқару комитетінің 30 қыркүйек пен 1 қазанда Бухаресте өтетін кезектен тыс отырысында ұсынылады.

Тоғыз құрамаға қатысты бір жылға дейінгі шеттету шарасы енгізілетіні айтылады, алайда барлық елге әлем чемпионатынан кейін дисквалификацияның мерзімін азайтуға мүмкіндік беріледі. 

kaz.tengrinews.kz