21 қаз, 2017 сағат 10:17

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын жарыстардан шеттету туралы шешім шықты

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын жарыстардан шеттету туралы шешім күшіне енді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайты жазады.

Дереккөзінің мәліметінше, үш және одан да көп рет допингке қарсы заңды бұзған 9 құрама команданы ресми жарыстарға қатысудан бір жылға шеттету туралы шешім күшіне енген. Олардың қатарында Қазақстаннан басқа да Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдава, Ресей, Түркия және Украина құрама командалары бар. Сондай-ақ, 21 күннің ішінде халықаралық федерация шешіміне қарсы шағым беруге болатын көрінеді.

30 қыркүйекте Бухаресте өткен кезектен тыс жиынында IWF атқару комитеті жоғарыда аталған тоғыз елдің ұлттық құрамаларын жарысқа қатысудан бір жылға шеттету туралы шешімді бірауыздан қолдаған.

Айта кетейік, 2016 жылдың қарашасында Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Илиннің медальдарын қайтарып алған еді.

Сонымен қатар, қазақстандық зілтемірші Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манезалар да алтын медальдарынан айырылып, түрлі мерзімге жарыстардан шеттетілген болатын.