#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінің алауы тұтанды

  • 18.09.2019
  • 0
  • 333

Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған біріншілікте әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан 55 келі салмақта Зулфия Чиншанло мен 71 келі салмақта Екатерина Быкова ел намысын қорғайды.

Ал ерлер арасында сегіз зілтемірші бақ сынайды. Атап айтар болсақ, 55 келі салмақ дәрежесінде Арли Чонтей мен Игорь Сон, 81 келі салмақта да екі бірдей атлетіміз сынға түседі. Олар - Нижат Рахымов пен Айдар Қазов.

Ал 89 келі салмақ дәрежесінде Денис Улановқа үміт артылса, 96 келі салмақта Илья Ильинге сенім артамыз. 109 келі салмақта Ибрагим Берсанов ел намысын қорғамақ.

Айта кетейік, Паттайядағы әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің санатына жатады.

27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар