#
#
Жұма 18/10/2019

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану тетіктері жетілдірілді - Сенат

  • 10.10.2019
  • 0
  • 79

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы 13 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар ауыл шаруашылығын қаржыландырудың қолжетімдігі, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринария мен аграрлық ғылымды дамыту, әкімшілік кедергілерді жою, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау және дамыту жөніндегі жаңа нормаларды енгізуді көздейді. Орман және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту бойынша өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын ЕАЭО нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер қарастырылған», - деді Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусин.

Бұған қоса, агроөнеркәсіптік кешенде ерікті сақтандыруға көшу, жер ресурстарын, әсіресе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығы саласындағы кадр даярлау жүйесін жетілдіру ұсынылған.

«Заң жобасында көзделіп отырған өзгерістер заңнамалық базаны жетілдіре отырып, еңбек өнімділігін еселеуге, сондай-ақ өңделген өнім экспортын ұлғайту арқылы агроөнеркәсіп саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастыру күтілуде», - деді Д. Мусин.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында жан-жақты талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар