10 қаз, 2019 сағат 12:24

Аустриядағы әуежай аумағында жарылыс болды

Линца әуежайының аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды Kronen Zeitung газеті.

Басылымның жазуынша, Жоғарғы Аустрия жеріндегі Хершинг қаласы әуежайының аумағындағы қоқыс өңдеу станциясында жарылыс болды.

Оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шеккен.