#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Аустралия мен Францияда коронавирус тіркелді

  • 25.01.2020
  • 0
  • 263

Коронавирус жұқтыру оқиғалары Аустралия мен Францияда тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ер адам Аустралияның Виктория штатындағы Мельбурн ауруханасында изоляторда жатыр.

Мельбурнда жатқан науқас - 50 жастағы қытайлық азамат. Жақында ғана 2019-nCoV коронавирусының ошағы Ухан қаласынан келген.

Ол Мельбурнге Гуанчжоудан China Southern Airlines CZ321 рейсімен 19 қаңтар, жексенбі күні жеткен. Келмес бұрын 2 апта Ухан қаласында болған.

Оның жағдайы қалыпты деп бағалануда және дәрігерлердің жіті бақылауында.

Виктория штатының денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған адамдар тағы анықталуы мүмкін екенін мәлімдеп, Гуанчжоудан келген рейсте болған басқа да жолаушылармен байланыс орнатып жатыр.

Сондай-ақ, Францияның денсаулық сақтау министрі Аньес Бузин арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, елде екі адамды арнайы тексеру оң нәтиже беріп, олардан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, науқастардың бірі Бордодағы емханаға жатқызылды, екіншісі Парижде дәрігерлердің бақылауында.

Бордода жатқан азамат жақында Қытайдан оралып, содан кейін Нидерландыға сапар шеккенін айтты. Екінші вирус жұқтырған азамат та Қытайға сапармен барған.

Айта кету керек, Қытай ресми түрде дүйсенбі күні вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны хабарланды. Сондай-ақ, Қытайда тараған пневмония Тайланд пен АҚШ-та тіркелді.

Қазақстан сақтық шарасы ретінде коронавирусты анықтайтын праймерлерді сатып алуды бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустық инфекция тіркелмегенін ресми айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар