#
#
Сенбі 30/05/2020

Ауруханаға түскен Шешенстан басшысының жағдайы белгісіз

  • 23.05.2020
  • 0
  • 120

Шешенстан және Ресейдің ресми тұлғалары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қайда екенін айтпады, жағдайына байланысты түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін оның коронавирус инфекциясына байланысты ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар тараған

Қадыровқа коронавирус жұққаны расталса, Ресейде COVID-19 ауруына шалдыққан шенеуніктер тағы бір адамға көбейеді. Коронавирус анықталған шенеуніктер арасында премьер-министр Михаил Мишустин, Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бар. 

Аты-жөнін атамаған дереккөзге сілтеген "Интерфакс" және РИА "Новости" агенттіктері 21 мамырда 43 жастағы Қадыровтың Мәскеудегі емханаға жеткізілгенін және дәрігерлер бақылауына алынғанын хабарлаған. 

"База" телеграм-арнасы 21 мамырда жедел респираторлық вирус инфекциясы белгілері анықталған Қадыровтың Мәскеудегі "ең мықты емханалардың біріне" арнайы ұшақпен жеткізілгенін жазған. 

Ресми мәлімет бойынша, Шешенстанда мыңнан астам адамға вирус жұққан, 11 адам қайтыс болған. 

Жақында Қадыров коронавирус жұққан науқастарды емдеген дәрігерлер қорғаныш құралдары жетіспейді деп шағымданған кезде оларды сөгіп, басшыларын қызметтен қууды талап еткен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар