27 жел, 2018 сағат 09:04

Әуезов театрын Сәбит Әбдіқалықов басқармақ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіқалықов тағайындалды.

Сәбит Әбдіқалықов бұған дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Директоры қызметін атқарған болатын. Бүгін Мүсірепов театрына басшы болып Азамат Сатыбалды тағайындалды.

Әбдіқалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы 1973 жылы ОҚО, “Қазығұрт” ауданы, “Рабат” ауылында туған.

1992 – 1996 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын «Театр және кино актеры» мамандығы бойынша бітірген.

2009 ж.  Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: магистр.

Еңбек жолы:
1996 – 1999 ж.ж. “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актеры;
1999 – 2003 ж.ж. “Тамаша” сатира театрының актеры;
2003 ж. “Мафия  мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актеры;
2006 – 2007 ж.ж. “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі;
2008 – 2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі;
2008 – 2011 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушы;
2012 – 2013 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы;
2013 ж. ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры;
2013 ж. Қазақстан эстрада әртістер одағының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басшысы.

Марапаттары:
2000 ж. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты;
2008 ж. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
2017 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;