09 қаң, 2020 сағат 13:00

Ауа райы: Үш облыста дабылды ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.

10 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

10 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

10 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.