22 шіл, 2019 сағат 10:08

Ауа райы: Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық

Синоптиктер 23-25 шілдеге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Жайық өңірінен салқын және ылғалды ауа массалары келіп жатыр. Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық ағындармен бірге бұл өңірлерде күн күркіреп, найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жауып, дауылды жел тұрып, арты бұршаққа айналуы ықтимал. Бірақ еліміздің оңтүстік өңірлерінде Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуімен 38 ... 45°С ыстық ауа райы сақталады», делінген хабарламада.