21 қаң, 2020 сағат 08:30

Ауа райы: Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысында 22 қаңтарда күндіз, 23 қаңтарда тәулік бойы қар жауып, бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетіп, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал. 22 қаңтарда Петропавл қаласныда күндіз, 23 қаңтарда тәулік бойы қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай облысында 22 қаңтарда күндіз, 23 қаңтарда түнде қар жауады, бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да асып кетуі ықтимал.