10 жел, 2019 сағат 13:16

Ауа райы: Бірқатар өңірде қалың тұманға байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірлерін қалың тұман басты. Осыған байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды 11 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады. Көкшетау қаласында да тұман сақталады.

Сонымен бірге, 11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тұман түседі. 11-13 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.