10 мау, 2019 сағат 09:27

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Синоптиктер 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Биіктіктегі барикалық қойнауға байланысты Қазақстанның батыс облыстарынан басқа өңірлерде тоқтаусыз жауын жауды. Сол арқылы Баренц теңізі мен Жайықтың солтүстігінен тропосфералық салқын және ылғал ауа келуде.

Алдағы үш тәулікте республикаға салқын және ылғал ауа келетіндіктен ауа райы қазіргісінен өзгермейді. Бұрынғыдай еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, найзағайлы өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты нөсер күтіледі.

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3...5°С төмен сақталады.

Тек батыс және оңтүстік батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 30...38°С дейін жоғарылайды.