22 там, 2019 сағат 15:55

Атыраудағы Қазақ драма театрынан шыққан өрт толық сөндірілді

Атыраудағы Қазақ драма театрынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, театр ғимаратынан шыққан өрт сағат 17.20-де ауыздықталып, сағат 18.20-да толық сөндірілді.

Еске cала кетейік, бұған дейін Атырауда театр өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

«22 тамызда сағат 14.30 кезінде Атырау қаласында «101» пультіне Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Нақтырақ айтқанда, екінші қабаттағы электроқалқан өртеніп, тілсіз жау ғимараттың шатырына тараған. Шамамен өрттің шарпу аумағы 1500 шаршы метрді құрады», - деді комитеттен.