#
#
Жексенбі 19/01/2020

Атырауда жылқыларға қатыгездік көрсеткендердің ісін полиция қарап жатыр

  • 14.11.2019
  • 0
  • 189

Атырауда жануарларға қатыгездік жасағандардың ісін полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлеуметтік желіде ер адам атты басынан балтамен ұрып өлтіріп жатқан видео тарады. Ол көптің ызасын тудырды. Видеоның Махамбет ауданының Береке кентінде үй жануарлары сойылатын цехта түсірілгені анықталды.

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының («Жануарларға қатыгездік жасау») 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аттардың басынан балтамен ұрған ер адамның кім екені анықталып, ұсталды. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тергеліп жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар