17 мам, 2019 сағат 13:00

Атырауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (Видео)

Атырау облысында тасжолда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысы ТЖ департаментінің хабарлауынша, вахташыларды таситын автобус бейсенбі күні кешке Атырау-Доссор жол бөлігінде тұтанған. Салондағы жолаушылар көліктен шығып үлгерген, ешкім зардап шекпеген. 

Тілсіз жауды сөндіруге 11 құтқарушы мен 3 арнайы техника жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.