09 сәу, 2020 сағат 07:30

Атырауда тіркелген соңғы 3 науқас жайлы мәлімет берілді

Атырау облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған соңғы 3 науқас туралы айтылды, - деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

09.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 39 адам анықталды.