02 сәу, 2019 сағат 12:07

Атырауда мас жүргізуші отбасы отырған көлікпен дүкенге соғылды (Видео)

Атырауда отбасы отырған көлікті мас күйінде жүргізген жүргізуші апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға 29 наурыз күні түнде болған. «Toyota Hilux» шағын автобусының жүргізушісі. 1986 жылы туған азамат Азаттық даңғылымен Балықшы ықшамауданына қарай жол тартыпты. Азаттық даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында микроавтобус «Nissan Maxima» автокөлігімен соқтығысып, бар екпінімен жол жиегінде тұрған көкөніс дүкеніне кіріп кеткен. Жүргізушінің мас екені анықталды», - деді Атырау облыстық  полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік ішінде жүргізушінің әйелі мен 2012 және 2015 жылы туған екі баласы болған.

Төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Айта кетсек, аталған көлік апатының видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткен.