#
#
Сенбі 06/06/2020

Атырауда коронавирус жұқтырғандармен 109 адам байланыста болған

  • 29.03.2020
  • 0
  • 220

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 науқаспен 100-ден астам адам байланыста болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, індетке шалдыққан 6 науқаспен қарым-қатынас жасаған 109 адам анықталып, олардың барлығы оқшауланған. 

«Олардан коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін анализ алынды. Оның қорытындысымен 67 адамда тест теріс нәтиже көрсетті. Ал, қалған 42 адамның тест қорытындысы жуық арада белгілі болады», - делінген мәліметте. 

Айта кетейік, 29 наурыз күні Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды.

Қазақстан бойынша науқастар саны 271-ге жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар