#
#
Сейсенбі 02/06/2020

Атырауда коронавирус инфекциясының 11 ошағы анықталды

  • 31.03.2020
  • 0
  • 192

Атырауда коронавирус инфекциясы ошағының аймақтары анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 31 наурызда инфекция таралған 11 аймақ анықталған. Бұл - Шманов, 63; Яблочная, 2; Ардагер 5 шағынауданы; Ұзын Арал көшесі 30; Каспий 19 шағынауданы; Жұлдыз, 19; Нұрсая, 52; Маденов көшесі, 15; Жазықбаев, 20; Құрылысшылар, 147; Привокзальный 5 шағынауданы, 8 үй.

«Коронавирус инфекциясы ошағы дегеніміз - Covid-19 жұқтырған Атырау тұрғындары тұрған үйлер. Қазіргі уақытта 11 үйдің тұрғындары оқшауланды, тапсырған тест нәтижесі бойынша олардан ауру табылмады. Үйлер мен пәтерлер дезинфекцияланды, жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан. 

Айта кетейік, екі ауру жұқтырушы әуежайдан бірден жұқпалы аурулар изоляторына жатқызылды. Олар үйіне кіріп үлгермеген. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Атырау облысында 13 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар