23 қаң, 2017 сағат 08:58

Атырауда экстремистік ұйымның өкілдері сотталды

Атырауда терроризмді насихаттаған жат діни ағым өкілдері сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Сот шешімімен қызметіне тыйым салынған халықаралық экстремистік "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұйымына мүше болған үш ер адам мен әйел терроризмді насихаттап, тыйым салынған материалдарды сақтау және таратумен айналысқан. 

Атырау қаласының №2 соты оларды ҚР ҚК 256-бабының 2-тарауы және 405-бабының 2-тарауы бойынша айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Сотталғандар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.