#
#
Сенбі 06/06/2020

Атырауда экспресс-тест жасайтын 5 вирусология тобы жұмыс істеуде

  • 29.03.2020
  • 0
  • 256

Атырау облысында 5 вирусология тобы жұмыс істеуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қазір коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын экспресс-тест шет елдерден келгендерге, сондай-ақ жергілікті емханаларға ЖРВИ белгісімен жүгінген адамдарға жүргізілуде. Коронавирус анықталған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған тұрғындарға да сынама-тест жүргізіледі. Дәрігерлер оның нәтижесін 6 сағаттан кейін алады.

«Атырау қаласында тұрғындардан сынама-тест алатын 5 вирусология тобы жұмыс істеуде. Жалпы, аймақта коронавирусты анықтауға арналған 700 тест бар. Сынама топтамалары қосымша қажет болса, тағы да тиісті мөлшерде жеткізілетін болады», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар