25 сәу, 2019 сағат 10:56

Атырауда бес қабатты үйдің ауласында үш адам ұсталды (Видео)

Желіде Атыраудағы бес қабатты үйдің ауласында ҰҚК департаментінің арнайы жасақ қызметкерлері үш адамды ұстағаны бейнеленген видео тарады.

Белгілі болғандай, ашық қылмыс жасаудан тайынбаған "салафизм" деструктивті діни ағымын ұстанушылар адам ұрлап, оған құн талап еткен, деп хабарлады azh.kz.

"16 сәуір күні 1990 және 1991 жылдары туған үш жігіт Өзбекстан азаматы С. Я-ны күшпен пәтерінен ұрлап әкетіп, оның досы, Өзбекстан азаматы М.С-дан 300 мың теңге құн талап еткен. Қаскүнемдер бұған дейін М.С-дан қорқытып 100 мың теңге көлемінде ақша алғаны анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы.

Ұсталғандардан зардап шегушілердің ақшасы мен заттары, сондай-ақ ұрланған адамды ұрып-соғуға пайдаланған нунчаки, зардап шегушілердің біреуіне тиесі "Лада Ларгус" автокөлігінің кілтін тәркілеп алды.

Күдіктілерге адам ұрлау және бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, материалдар полиция департаментіне әрі қарай тергеуге берілді.

19 сәуірде Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Олар қазірдің өзінде қылмысын мойындап отыр.

Sputnik Kazakhstan