#
#
Cәрсенбі 03/06/2020

Атырауда 9 қабатты екі үй карантиндік стационарға беріледі

  • 31.03.2020
  • 0
  • 174

Атыруда 9 қабатты екі үй карантиндік стационарға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың айтуынша, қазір Береке шағынауданында 240 пәтерлі көпқабатты 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінге дейін 3 үй пайдалануға беріліп, бір қабатына апатты жағдайдағы баспана тұрғындары орналасқан.

«Тағы 2 үй дайын тұр. Бірақ аймақта коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл үйлерді оқшаулау орны ретінде пайдалану жөнінде шешім қабылданды. Бұл үйлердің әрқайсысында 240 пәтер бар. Яғни, 2 үйде 480 орын бар» - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышов.

Бүгін бұл үйлерді полиция қызметкерлері оқшаулады. Онда дезинфекция жүргізіледі. Кейін мұнда дезинфекцияны 3 күн сайын жүргізу жоспарланып отыр.

«Мұнда індет жұқтырғандармен байланыс жасаған адамдар уақытша орналасады. Бұл тұрғындарға қауіп туғызбайды», - дейді Ринат Жаңғылышов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар