19 ақп, 2020 сағат 10:08

Атырауда 77 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр

Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 77 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, Атырауда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы жалпы ауданы 933,7 мың шаршы метрді құрайтын 7146 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды. Ал, былтырдан бері «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан 77 көп қабатты тұрғын үйдің 31-і пайдалануға берілді. Бұларда 5,5 мыңнан астам пәтер бар.

«Биыл 16 жалдамалы тұрғын үй тапсырылады. Қазір облыста мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 28 301 адам тұр. Былтыр осы тізім бойынша 470 адам баспаналы болды» - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, өңірде апатты жағдайда және тозығы жеткен 87 үй бар.