#
#
Сейсенбі 02/06/2020

Атырауда 3 адамның коронавирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

  • 01.04.2020
  • 0
  • 139

Атырауда 3 адамның коронавирусты жұқтыру себебі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 3 адамның бірі –37 жастағы атыраулық коронавирус талдауы расталған Орал қаласының тұрғынымен байланыста болған. Оның инфекцияға шалдыққаны үйіне оралған соң анықталған. 

Екіншісі –20 жастағы студент. Ол «Стамбул-Атырау» арнайы рейсімен 27 наурызда келген. Науқаста ЖРВИ-дың айқын белгісі көрініп, инфекциялық стационарға жатқызылған. Жігіттің коронавирусқа шалдыққаны қайталап тексеруден кейін расталған. 

Ал, Қызылқоға ауданының 28 жасар тұрғыны ЖРВИ белгілерімен облыстық ауруханаға жүгінген. Бұл әйелдің коронавирус инфекциясына тапсырған анализі оң нәтиже көрсетіп, қазір онымен байланысқандар тізімі түзілуде. 

«Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясы анықталған 16 адам инфекциялық ауруханада емделуде. Сонымен бірге, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен облыстық аурухана 2 күндік карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, дертке шалдыққандармен байланыста болған дәрігерлер мен науқастар оқшауланады», - деп хабарлады өңірлік комуникациялар қызметі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар