24 мам, 2020 сағат 16:33

Атырауда 25 мамырдан бастап автобус қозғалысы толығымен қалпына келеді

Атырауда 25 мамырдан бастап қоғамдық көлік қозғалысы толығымен қалпына келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері автобус қозғалысына өзгерістер енгізді. Қоғамдық көліктің жұмысы 25 мамырдан бастап таңғы 06:00-де басталып, кешкі 23:00-де аяқталады. 

Қазіргі таңда қаладағы автобустар таңғы 6 мен 9 аралығында, ал кешке 17 мен 20.00 аралығында жүріп жатыр. 

Еске сала кетейік, Атырауда карантин шаралары 8 маусымға дейін ұзартылды.