31 нау, 2020 сағат 10:04

Атырау облысының прокуроры блок-бекеттердің жұмысын тексерді

Атырау облысының прокуроры Халидолла Дәуешов өңірдегі 4 блок-бекеттің жұмыс барысын қадағалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кешеден бері Атырау қаласына кіріп-шығуды шектеу үшін 4 бағыттағы блок-бекеттерде кезекшілік атқарылуда. Оған полиция мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сондай-ақ, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері тартылды. 

«Уақытша шектеулерді жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов «Атырау-Астрахань» және «Атырау-Орал» бағытындағы блок-бекеттерде болды. Шығу нәтижесімен шектеу іс-шараларын жүзеге асыру барысында уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмі үйлестірілді. Облыстық прокуратура төтенше жағдайға, карантин мен шектеулерге қарай мобильді топ құрды. Бұл топ белгіленген тәртіптің сақталуына жүйелі негізде тексеру жүргізуде» -деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Прокуратураның моблиьді тобы тәулік бойы жұмыс істейді.