27 қар, 2020 сағат 14:49

Атырау облысында ит талаған сәбидің жағдайы жақсарды

Атырау облысында ит талап ауруханаға түскен екі жасар бала үйіне шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 

облыстық балалар ауруханасында ем қабылдаған екі жасар сәбидің жағдайы жақсарды.

Аталмыш аурухананың дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, 2 жасар сәби аурухананың жарақат бөлімінде апта бойы ем алды. 

«Таңылған жара орындары жазылған соң, тігістерін алдық. Баланың бас сүйегін компьютерлік томографияға түсірдік. Қазіргі уақытта бала үйінде. Хирургиялық өңдеу орындарына үй жағдайында анасы күтім жасап тұрады. Учаскелік дәрігердің бақылауында болады», - деді емдеуші дәрігер Жақсылық Мағзомов.