11 шіл, 2019 сағат 11:42

Атырау облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Атырау облысының тұрғындарына 40 градустық ыстық болатыны ескертілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 11 шілде күні аптап ыстық өңірге қайта оралады.

Жекелеген аудандарда көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді.

Облыстық ТЖД ашық жерде жүретіндерге бас киім киіп, су ала жүруге кеңес береді.

Еске сала кетейік, маусым айының аяғында облыста ауа температурасы көлеңкеде 43, ашық жерде 50 градусқа дейін жеткен болатын.