#
#
Жұма 05/06/2020

Атырау облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

  • 09.04.2020
  • 0
  • 256

Атырау облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Болат Әлмұханұлы Исақов Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 

Болат Әлмұханұлы 1968 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды «Қолданбалы математика», ал, 1999 жылы «Әділет» жоғары құқық мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауар өндірушілер қауымдастығының инженері болып бастаған. 1993-1994 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 

Ал, 1995-2010 жылдары Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының бас маманы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы, 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы болды.

Соңғы жұмыс орны – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар