13 қар, 2018 сағат 16:20

Атырау мұнай өңдеу зауыты қысқы дизель отынын шығаруға кірісті

Атырау мұнай өңдеу зауыты қысқы дизельдік отын шығаруға кірісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атырау мұнай өңдеу зауыты K5 экологиялық класының минус 25С максималды сүзгіштік температурасы бар дизель отынын шығаруға және жөнелтуге кірісті.  Бұл Мұнайды терең өңдеу кешені Prime D дизель отынын гидротазалау және парафинсіздендірудің нәтижесінде құрамындағы парафиндері азайтылған зауыт үшін жаңа өнімдердің бірі. Бүгінде зауыттан осы өнімнің 4 мың тоннасы жіберілді», - деп мәлімдеді АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, ПТФ-25 дизель отынында төмен температураға ықпал ететін қоспалар жоқ, бұл технологиялық процестің таза өнімі. 

Естеріңізге сала кетейік, Атырау МӨЗ жаңарту аяқталғанға дейін ПТФ-15С және қоспасы бар -25С экологиялық кластағы К3 қысқы дизель отынын шығарған болатын.