#
#
Бейсенбі 04/06/2020

Атырау қаласына кіріп-шығу толықтай шектелді

  • 02.04.2020
  • 0
  • 161

Бүгін Атырау қаласына кіріп-шығу толықтай шектелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтулиннің хабарлауынша, карантин кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қала аумағында белгіленген уақытша шектеулер талабын сақтау шарасына 674 қызметкер, 68 автокөлік жұмылдырылған. Оның ішінде ішкі істер органдарының 500 қызметкері, Ұлттық ұланның 94 әскери қызметшісі, Қорғаныс министрлігінің 80 қызметкері бар. 

«Прокуратура жанынан құрылған мобильдік топтар қала аумағында төтенше жағдай режимін бұзу фактілерін анықтайтын болады. Осыған қарай, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғындарды карантиннің барлық талабын сақтауға шақырамыз» - деді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин. 

Атырау қаласының 4 бағытына қойылған блок-бекетте ішкі істер органдарынан – 48, Қорғаныс министрлігінен 56 қызметкер кезекшілік атқаруда. Оларға 12 арнайы автокөлік бөлінген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар