16 қаз, 2019 сағат 19:53

«Атырау» футбол клубына жаңа бапкер келді

«Атырау» футбол клубына жаңа бапкер келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атырау» футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас бапкер қызметіне Асқар Қожабергенов тағайындалған.

Кезінде ол Алматының СКИФ, «Қайрат», «Достық», қарағандылық «Шахтер», талдықорғандық «Жетісу», жамбылдық «Химик», «Ақтөбелік» командаларында ойнаған. Сонымен қатар немістердің «Пройссен-7» командасында да өнер көрсеткен.

Кейінірек Қаскелең қаласының «Сұңқар», талдықорғандық «Жетісу» және «Екібастұз» командаларына бапкерлік қызмет еткен.

Асқар Қожабергенов «Атырау» футбол клубын 4 ай жаттықтырған Олег Дулубаның орнына келді.