08 сәу, 2019 сағат 10:15

Атаулы әлеуметтік көмек туралы Smart Astana қосымшасынан білуге болады

Атаулы әлеуметтік көмек туралы Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы алуға болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы 111 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. «Астана Innovations» компаниясының хабарлауынша, мұнда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арналған сенім телефоны ашылған.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар қажет? АӘК алу үшін тұрақты мекенжайдың болуы міндетті ме? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға үйден шықпай-ақ, жауап алуға болады. Атаулы әлеуметтік көмек туралы және басқа да сұрақтарға жауаптар телефон арқылы, бірыңғай байланыс орталығына 111 қоңырау шалу арқылы немесе Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы беріледі», - деп мәлімдеді компанияда.

Еске сала кетсек, Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған азаматтарға және тұрмысы төмен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.